ответ дан

анықтайды және
ауызша мәтін құрауда орынды колданады
Ойлау дағдыларының деңгейі: Қолдану
Тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырманы орындаңыздар.
Табиғаттың ластануы дегеніміз - біз оған тән емес әрекеттердің салдарынан қоршаған ортадағы химиялық,
физикалық, биологиялык концентрацияның артуы және қолайсыз әсерлердің туындауы. Ластандырушы
заттарға тек улы заттар ғана емес, ағзаға қажет заттың оптималды консентрациядан артык болуы да жатады.
Ластануды жүйенің тепе-теңдігін бұзатын кез келген агент ретінде бағалауға болады. Ластану әртүрлі белгілер
бойынша жіктеледі. Шығу тегі бойынша: табиғи-жасанды (антропогенді): Пайда болу көзiне байланысты:
өндірістік, ауылшаруашылық, транспорттық, нысандық (мысалы, өнеркәсіп орны), трансгрессивтік (басқа
аймақтар мен мемлекеттерден енетін). Кез келген ластаушы затты үш параметр бойынша бағалауға болады:
қоршаған ортаға түсетін көлеміне, улылығына және тұрақтылық дәрежесіне қарай. Өндірілетін ресурстардың
тек 2-3% ғана пайдалы өнім ретінде қолданылады, ал қалғаны қалдықтар (бос жыныс, шлактар және т.б).
Судың ластануы. Судың барлық санаттары: мұхит, құрлық және жерасты сулары ластануға әртүрлі дәрежеде
ұшырайды. Бірінші реттік судың ластануы су қоймаларына әртүрлі ластаушы заттардың келіп түсуіне
байланысты болады. Екінші ретті ластану бірінші ретті ластаушылардың әртүрлі тізбекті реакцияларға түсуі
арқылы жүреді. Ластаушы заттарға негізінен топырақ эрозиясының өнімдері, минералдық тыңайтқыштар, улы
химикаттар және т.б заттар жатады. Ластаушы заттардың басым көпшілігін атмосфералык жауын-шашын
әкеледі. Сулардың канализация ағысымен, тұрмыстық қалдықтармен, өнеркәсіп орындарының
қалдықтарымен, су таранспорттарымен ластану үлесі де жоғары. Қазір бүкіл планетада іс жүзінде қандай да
бір дәрежеде адам қызметі нәтижесінде ластанбаған тұщы су көзі жок деуге болады. Қазіргі кезеңнің өзекті
мәселелерінің бірі - радиациялык ластану болып калып отыр. Қазақстан территориясында куатты ядролық
сынақтардың ең көп мөлшері жасалды. Олар еліміздің территориясының біраз бөлігінің радиациялық
ластануына әкелді. Қазақстан территориясындағы радиациялық ластану себептеріне мыналар жатады: Семей
ядролық полигонында жасалған жарылыстардың салдары, радиоактивті материалдарды пайдаланатын
атомдық өнеркәсіп орындары, ғаламдық жауындар, халық шаруашылық мәселелерін шешу максатында
жасалған жерасты ядролық жарылыстар, табиғи радиоактивтілік, радиоактивті қалдықтар.
1- тапсырма
Сөйлемдерді перифраз тәсілімен қайта жазыңыз.Сөйлемдерді берілген сөздермен бастаңыз.
1.Кез келген ластаушы затты үш параметр бойынша бағалауға болады: қоршаған ортаға түсетін көлеміне,
улылығына және тұрақтылық дәрежесіне қарай.
Қоршаған ортаға
1-ұпай
2. Қазіргі кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі – радиациялық ластану болып қалып отыр.
Радиациялық ластану
1-упай
3. Қазақстан территориясында куатты ядролык сынактардын ең көп мөлшері жасалды.
Қуатты ядролық
1-ұпай
4.Ластаушы заттардың басым көпшілігін атмосфералық жауын-шашын әкеледі.
Атмосфералық жауын-шашын
1-ұпай
5. Қазір бүкіл планетада адам қызметі нәтижесінде ластанбаған тұщы су көзі жок деуге болады.
Адам қызметі нәтижесінде
1-ұпай
2- тапсырма
Мәтіннен күрделі сөздерді тауып, жасалу жолына қарай бағандарға жіктеп жазыңыздар(5-ұпай)
Бiрiккен сөздер
Қос сөздер
Тіркесті сөздер
Қысқарған сөздер
3- тапсырма
Мәтіндегі күрделі сөздерді колданып, «Табиғаттың ластануы - қоғам мәселесі» тақырыбында диалог
құрастырыңыз! 7-8 сөйлем(10-ұпай)

анықтайды және ауызша мәтін құрауда орынды колданады Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану Тапсырма Мәтінді мұқият оқып төмендегі тапсырманы орындаңыздар Табиғатты class=

Ответ :

Другие вопросы - Қазақ тiлi